Назарбаев полицейлердің жалақысын көтеруді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев полицейлердің жалақысын көтеруді тапсырды

Қазақстан Президенті жұмсалмаған қаражатты қызметкерлердің еңбек нарығы жүйесін жақсартуға және әлеуметтік қорғанысына бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті жұмсалмаған қаражатты қызметкерлердің еңбек нарығы жүйесін жақсартуға және әлеуметтік қорғанысына бөлуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев қосымша ішкі резервті іздеу және тиімсіз әкімшілік шығындарды жою бойынша жүйелі жұмыстардың қажеттілігіне тоқталды. 

"Полицейлердің еңбекақысын көтеру үшін қосымша 21,4 миллиард теңге бөлінеді. Мұның барлығы халықтың ақшасы. Салық төлеушілердің қаражатына полицияны, әскерді және соттарды асырап отырмыз. Сондықтан азаматтар құқық қорғау органдарының өз міндеттерін орындауын талап етіп отыр", - деді Мемлекет басшысы. 

Қазақстан Президенті қылмыспен күрес жолында және қоғамдық тәртіпті күзететін қызметтерде жүргендердің тұрғын үй мәселесін шешу бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды. Бұл шаралар полиция жұмысының ең маңызды деген қызметтеріне мамандандырылған жаңа кадрларды тартуға мүмкіндік береді және тәртіпті күзетіп, қылмыспен күрес жүргізу бөлімшелерін нығайтуға сеп болады. 

Мемлекет басшысы ішкі істер органдарынан полиция қызметкері ереже бұзғаны үшін босатылса, оның барлық жеңілдіктен айырылатынын атап өтті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети