Назарбаев Польша президентімен не жайында келісім жасалғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Польша президентімен не жайында келісім жасалғанын айтты © Facebook.com

Польша президенті Анджей Дуда мемлекеттік сапармен Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев Польша президентін Ақордада қабылдады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польша президенті Анджей Дуда мемлекеттік сапармен Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев Польша президентін Ақордада қабылдады.

"Біз біржақты кездесу барысында екі тарап қызығушылық танытып жүрген өңірлік, жаһандық мәселелерді, сондай-ақ, дамып жатқан қазақстандық-поляк ынтымақтастығын талқыладық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев поляк әріптесімен өткен кеңейтілген кездесу барысында.

"Біздің халықаралық проблемаға қатысты ойымыз бір. Былтыр Қазақстанда поляк капиталының көмегімен пайда болған он жаңа кәсіпорын пайда болды. Шамамен 100 миллион доллар ақша құйды. Біздің екі ел арасындағы қарым-қатынастың осылай дамуының арқасында биыл Польшаның экономикасы 4 пайызға дейін, Қазақстанның экономикасы да осынша пайызға өседі деп сенемін. Бұл өсім бізге болашаққа үмітпен қарауға көмектеседі", - деді Мемлекет басшысы Польша президентіне.

Еске сала кетейік, осыған дейін 6 қыркүйекте Астанаға Польша президенті Анджей Дуданың келетіні хабарланған болатын. Сондай-ақ, Польша президентімен кездесу аясында қазақстандық-поляк бизнес-форумының өтетіні айтылады. Онда Назарбаев пен Анджей Дуда қатысады деп жоспарланып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети