Назарбаев Порошенконы Қазақстанға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Порошенконы Қазақстанға шақырды Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко. ©Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу үдерісін ілгерілетуге қосқан жеке қомақты үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтқан Украина президенті осы бағытта одан әрі қарай күш-жігер жұмсай беруін өтінді.

Петр Порошенко Украина жағы оқ атуды белгіленген уақытта тоқтататынына сендіре отырып, екінші жақтың да осылай әрекет етуі қажет екендігіне назар аударды. Қазақстан Президенті қақтығысып жатқан тараптар Минск келісімінде қабылданған кешенді шаралардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз еткені маңызды екенін айтты. 

Украина президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгіме барысында Назарбаев Киевке барғанда қол жеткізген келісімдердің атқарылуына көңілі толатынын айтып, Украина президентін Қазақстанға тағы да шақырды.  

Еске сала кетейік, Назарбаев 2014 жылы желтоқсан айының басында Киевке жұмыс сапарымен барып, Порошенкомен және премьер-министр Арсений Яценюкпен кездескен болатын. Қаңтар айының ортасында Луганск облысына Қазақстаннан гумманитарлық көмек жіберілген еді. Сонымен қатар, қаңтарда "норманд төрттігі" кездесуі Астанада өтеді деп жоспарланған, бірақ кездесу белгісіз мерзімге ауыстырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети