Елбасы Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Петр Порошенко қол жеткізілген бұрынғы уағдаластықтарға сәйкес Украина Қазақстанның ДСҰ-ға кіру үдерісін қолдағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен қолдауы үшін Украина Президентіне ризашылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасып, алдағы уақытта өтетін Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі бірлескен мемлекетаралық комиссия отырысында жемісті нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенетіндерін айтты. Қазақстан мен Украина президенттері Петр Порошенконың Астанаға жасайтын алдағы сапарын да талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды. 
Украина президенті Қазақстанға 2015 жылдың екінші жартысында келеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеген болатын. Ол бастапқыда Назарбаевтың Порошенкомен кездесуінің ақпан-наурыз айларына жоспарланғанын атап өтті. "Алайда болып жатқан жағдайдар бұл істі жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Жылдың екінші жартысында бұл сапар жүзеге асырылады деп үміттенеміз. Осыған дейін, келісіміміз бойынша, мемлекетаралық сауда-экономикалық комиссияның отырысы өтеді. Кездесу осы жылдың маусым айына жоспарланған", - деді Ыдырысов.