Назарбаев Путинге БАҚ жайлы: Туындайтын мәселелерді дүрліктірмей, байсалдылықпен шешу қажет

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Владимир Путинді Ресей Федерациясының Президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

"Биылғы 18 наурызда тарихи маңызы бар оқиға болды. Сіз Ресей халқының асқақ сенімін иеленіп, зор жеңіске жеттіңіз. Қазіргідей күрделі жағдайда мұндай сенімнің мәні зор", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да маңызды салалар мен бағыттар бойынша екі жақты достық пен тығыз ынтымақтастық орныққанына тоқталды.

"Қазақстан - Ресеймен үлгі боларлық қарым-қатынас және қарқынды экономикалық байланыс орнатқан ең жақын мемлекет. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі - 16 миллиард долларға жуық. Бірлескен кәсіпорындар саны артып келеді", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі өзара ықпалдастық Қазақстан-Ресей қатынастарында туындайтын мәселелерді тиімді шешуге септігін тигізіп отырғанын айтты.

"Қазақстан әрдайым сіздермен бірге. Біз әрқашан бірге жұмыс жүргізіп, бірлесе алға ұмтылып, бұл күрделі кезеңді де еңсеретін боламыз. Бүгінде барлық бағыт бойынша қалыпты жұмыс жүргізілуде. Көршілес тәуелсіз мемлекеттер арасында әрдайым мәселелер туындап жатады. Біздің үкіметтеріміз бен министрліктеріміз арасында тығыз қарым-қатынас орныққан. Туындайтын мәселелерді дүрліктірмей, байсалдылықпен шешу қажет. Біз - одақтас елдерміз, екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары да осы бағытта жұмыс жүргізуге тиіс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


© akorda.kz

Ресей Федерациясының Президенті екі мемлекет арасындағы түрлі салалар бойынша өзара тиімді қарым-қатынас орныққанын айтып, оның оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Владимир Путин Қазақстан Ресейдің стратегиялық одақтасы ғана емес, сондай-ақ ең жақын экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

"Елдеріміз арасындағы қатынастар табысты әрі дәйекті дамып келеді. Былтыр экономикада жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Атап айтқанда, тауар айналымы 30 пайызға өсті. Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала бермек. Ресейдің Қазақстан экономикасына бөлген тікелей инвестициясының көлемі артқанын да атап өткім келеді", - деді Владимир Путин.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro