Назарбаев Путинге: Біздің одақ үлкен сынақтарға кезігіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Путинге: Біздің одақ үлкен сынақтарға кезігіп отыр ©РИА Новости

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осындай буырқанған уақытта Қазақстанға келуге мүмкіндік тапқаныңызға қуаныштымын, біз талқылайтын жайттар бар. Өткен жыл түрлі оқиғаларға бай болды. Біз өз ортамызда Еуразиялық экономикалық одақ мәселесін талқылап, оны аяғына дейін жеткіздік, 1 қаңтарда ол жұмыс істей бастады. Өкінішке қарай, қазір біздің одақ үлкен сынақтарға кезігіп отыр, себебі экспорт бағасы төмендеді, әсіресе, Ресей мен Қазақстанда", - деді Назарбаев.

Ол бұл процестердің алдын ала болжанғанын айтты. "Бағаның төмендеуі бар, біз мұндай қауіптің болатынын білдік, баға теңсіздігі болды, толқулар да болды. Біздің әңгімемізден кейін шаралардың қолға алынғаны үшін сізге рақмет. Қазір мұның бәрі тұрақтанды", - деді Президент РФ мен Беларусь басшыларына.

Назарбаев соңғы кездері күн тәртібінде басқа да мәселелердің болғанын атап өтті. Мысалы, Украинадағы ахуал. "Украина проблемаларымен айналысуға тура келді. Мүмкіндігіне қарай мен де бұған араластым", - деді Мемлекет басшысы. Ол Қазақстан мен Ресейді көптеген түрлі оқиға күтіп тұрғанын айтты, олардың арасында Жеңістің 70 жылдығы бар. Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстанның Ресейдің ең жақын серіктесі әрі одақтасы екенін айтты. "Бізде нарықтағы ахуалды ескергенде әлемдік экономикадағы жағдай шынымен де оңай емес. Бірақ мен  Қазақстанда және барлық посткеңестік кеңістікте экономика мен әлеуметтік саланы жандандырудың Сіздің тікелей араласуыңызбен құрылған негіздері бұл қиындықтарды еңсеруге сөзсіз көмектеседі деп сенемін. Дегенмен егер біз оны алдыңғы жылдардағыдай бірлесіп істесек қана бізге бұл ахуалдан шығуға болады", - деді Путин. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети