Назарбаев Путинге Ту-154 апатына байланысты көңіл айтты

Назарбаев Путинге Ту-154 апатына байланысты көңіл айтты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. © REUTERS

Н?рс?лтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинге Ту-154 апатына байланысты к??іл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев РФ президенті Владимир Путинге Ту-154 апатына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жеделхатта Мемлекет басшысының РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағының апатқа ұшырап, салдарынан ресейлік азаматтардың қайғылы қазасы жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылады.

"Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және өз атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына және Ресей халқына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама