25 желтоқсан 2016 12:54

Сочи маңында жоғалған Ту-154 ұшағы Қара теңізге құлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Flickr/ Dmitry Terekhov © Flickr/ Dmitry Terekhov

РФ Қорғаныс министрлігінің Сочи маңында жоғалған Ту-154 ұшағы Қара теңізге құлаған, - деп хабарлайды РИА Новости күш құрылымдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап.


РФ Қорғаныс министрлігінің Сочи маңында жоғалған Ту-154 ұшағы Қара теңізге құлаған, - деп хабарлайды РИА Новости күш құрылымдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап.

"Ұшақ Қара теңіз жағалауынан 1,5 шақырым жерге құлаған, ұшақтың қирандылары табылды", - деп хабарлады дереккөз агенттікке.

Сонымен қатар, дереккөздің мәліметінше, жағалаудан бес жарым шақырым жерде апатқа ұшыраған ұшақтың бортында болған адамдардың жеке заттары табылған.

Осыдан кейін Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер ұшақ қаңқасының жағалаудан бір жарым шақырым жерде 50-70 метр тереңдікте табылғанын растады.

Әуе апатынан кейін ұшу ережесі бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер ұшуды жүзеге асырған құзырлы адамдардың құжаттарын алып, жауап алып жатыр екен.

Еске салайық, осыған дейін Адлер аэродромынан жоспарлы ұшуды жүзеге асыру барысында ұшып шыққан Ту-154 ұшағының радарлардан жоғалып кеткені хабарланған болатын. Оның бортында 83 жолаушы және экипаждың 8 мүшесі болған. Кейін жолаушылардың Александров атындағы ансамбльдің әртістері екені және ресейлік БАҚ-тардың тоғыз журналисі екені анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети