1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Назарбаев Путинмен жеке әңгімелеседі

Санкт-Петербургте Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесуі басталды. Бұл туралы Елбасының кеңесшісі - баспасөз

Архив фото: elbasy.kz

Санкт-Петербургте Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинмен жеке кездесуі басталды. Бұл туралы Елбасының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келіссөздер туралы толық ақпарат Elbasy.kz сайтында жарияланады.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдері көшбасшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке барғаны хабарланған болатын.

Сонымен қатар, шараға 28 желтоқсанда Ресейге барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!