ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 тамыз 2016 15:36
Назарбаев Путинмен кездеседі
16 тамызда Сочи қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Келіссөздер барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі жайттар талқыланады деп күтілуде.
Осыған дейін де Назарбаев Путинмен халықаралық мәселелерді талқылаған болатын. "Біздің қарым-қатынасымыз да осылай жақсы әрі жан-жақты дами беретініне сенімдімін. Бүгін Сіз көрсеткен ілтипат ертеңгі күні де өзара сенімді нығайтып, достық байланыстарымыздың бұдан әрі дами беруі үшін жақсы жағдай қалыптастыратыны сөзсіз", - деген еді Владимир Путин.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу