09 мамыр 2016 07:28

Назарбаев Путинмен халықаралық мәселелерді талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин. © Ақорда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин. © Ақорда

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі аспектілерін, сондай-ақ күн тәртібіндегі бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Путинді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығымен және Восточный ғарыш айлағынан алғашқы зымыран ұшырылуымен құттықтады.

"Бүгінде кез келген мемлекет осындай заманауи ғарыш айлағын іске қоса алмайды. Бұл Сіздің қолыңыздан келді.  Сіздің ел үшін осы бір тарихи оқиға көптеген ұрпақтың жадында қалатын болады", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев биыл Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті және ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі өтетінін еске салды.

"Биыл күн тәртібінде көп кездесу бар, бағдарлама ауқымды. Қазіргі күрделі кезеңде Еуразиялық экономикалық одақ қалыпты режимде дамып жатыр. Дағдарыс уақытында туындап жатқан қиындықтарды еңсеруге болады", - деп атап өтті Қазақстан Президенті. 

Ресей Президенті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған парадқа қатысу мақсатымен Мәскеуге келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

"Біздің қарым-қатынасымыз да осылай жақсы әрі жан-жақты дами беретініне сенімдімін. Бүгін Сіз көрсеткен ілтипат ертеңгі күні де өзара сенімді нығайтып, достық байланыстарымыздың бұдан әрі дами беруі үшін жақсы жағдай қалыптастыратыны сөзсіз", - деді В.Путин.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети