04 қазан 2016 | 15:44

Назарбаев Путинмен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XIII форумы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XIII форумы аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде екіжақты ынтымақтастықтың дамуының басты бағыттарын талқылады.

Бұдан бөлек, әлемдік және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттар қарастырылды.

Қазақстан Президенті Ресейдегі жуырдағы сайлаудың табысты өтуі елде жүргізіліп жатқан тиімді жұмыстардың нәтижесі екенін айтты.

"Сочиде өткен форумда қол жеткізілген келісімдерді орындау үшін елдеріміздің үкіметтері жемісті жұмыс жүргізді. Бүгінгі форумда екі елдің 900 бизнесмені кездесетін болады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресейдің көршілес өңірлерінің басшылары келіссөз жүргізіп, нәтижесінде қазірдің өзінде нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Мұның бәрі екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін дәлелдейді", - деді Мемлекет басшысы.

Владимир Путин көрсетілген қонақжайлық үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделгенін атап өтті.

"Біз барлық бағыт бойынша өзара іс-қимыл жасаймыз. Сіздің бастамаңызбен өткізіліп отырған өңіраралық форумға Қазақстанмен бірлесіп тығыз жұмыс жүргізетін Ресейдің 400 бизнесмені қатысады. Бүгінгі форумның тақырыбы өңірдің көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту үшін маңызды әрі пайдалы болмақ", - деді Ресей көшбасшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети