Назарбаев Путинмен және Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Путинмен және Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко және Владимир Путин. ©РИА Новости

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен және Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен және Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Украинадағы қазіргі ахуалды талқылап, жалпы алғанда қақтығыс аумағында оқ атуды тоқтатуға қол жеткізілгенін атап өтті. Назарбаев пен Путин Украина дағдарысын реттеу үшін 12 ақпандағы Минск келісімдерін орындаудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері де қарастырылды. Әңгімелесу соңында Владимир Путин Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің наурыз айына жоспарланған Астанадағы үшжақты кездесуіне қатысуға ниетті екенін айтты.

Астанада өтетін үшжақты кездесуге қатысу мәселесі Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы әңгімелесуі кезінде де сөз болды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сонымен бірге, мемлекет басшылары Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети