Назарбаев Қайрат Мәмиді қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Қайрат Мәмиді қабылдады © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында "100 нақты қадам" ұлт жоспарының іске асырылу мәселелері, сондай-ақ биылғы 8 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары мен Қазақстан Республикасы судьяларының алдағы VII съезіне дайындық барысы талқыланды.

Жоғарғы сот төрағасы ұлт жоспарының сот жүйесіне қатысты барлық он қадамы орындалғанын айтты. Ұлт жоспарында көзделген реформалар республиканың сот құрылымын және сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге зор серпін берді. Сот сатыларын оңтайландыру сот төрелігіне қолжетімділікті айтарлықтай жеңілдетуге, соңғы шешімді қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызды.

Қайрат Мәми 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап соттар бес сатылықтан үш сатылық сот төрелігі жүйесіне көшкенін хабарлады.

Сондай-ақ, Жоғарғы сот төрағасы инвестициялық дауларды қарайтын Жоғары соттың мамандандырылған алқасы мен Астана қалалық сотының мамандандырылған құрамы, сондай-ақ Жоғары сот жанынан құрылған Халықаралық кеңес толыққанды қызмет атқарып отырғанын мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы сот жүйесінің жұмысын одан әрі жетілдіру және судьялардың VII съезін өткізуге дайындық жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети