Назарбаев қандай адамдарды орнына қою керектігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев қандай адамдарды орнына қою керектігін айтты © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының кезекті отырысында қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының кезекті отырысында қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күнделікті өмірде және басқа жерлерде қателіктер жіберіп жататынымызды білемін. (...) Конституциямызда Қазақстандағы кез келген адамның құқығына қайшы болатын заңның күші жок екені көрсетілген. Конституцияны қарап, онда айтылғанды орындау керек. Сондықтан атқарушы билік өкілдері өз орындарында отырып кез келген жағдайда нақты шешім таба білу керек. Сіздерге Қазақстанда, өз Отаныңызда, өзінізді жайлы сезіну үшін барлық жағдай жасалған", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды тағы да ынтымақтастық пен бірлікке шақырды.

"Мемлекетті құру бір бөлек, ал оны ішкі және сыртқы қиын қыстау кезеңдерден алып қалу - ең үлкен жұмыс. (…) Ең бастысы - ішкі тыныштық пен ішкі түсіністік. (...) Бізде бірден кемшілікті көріп, оны одан да асырып жеткізетіндер бар. Ондай адамдар бар. Мысалы, шығыста су тасқыны болды. Барлығы бүкіл Қазақстан су астында қалды деп жатты. Мұндай адамдарды орындарына қою керек. Біз үшін ең бастысы тұрақтылық, біздің амандық. Сонда ғана біз дамимыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети