Назарбаев: Қарулы Күштердің қуаты бір жарым есе өсуге тиіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Қарулы Күштердің қуаты бір жарым есе өсуге тиіс © akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту мен әскеріміздің жауынгерлік дайындығын арттыру мәселелері бойынша 2017 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев армиямыз құрылғаннан бергі 25 жыл ішінде аумақтық тұтастығымыздың, мемлекетіміздің экономикалық тұрғыдан өркендеуі мен беделінің нығая түсуінің кепіліне айналғанын атап өтті.

"Біз биыл мемлекетіміздің әскери құрылымының бағыты мен оны әрі қарай дамытудың міндеттері белгіленген ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, әскери доктринаны, Қарулы Күштерді дамытудың тұжырымдамасын бекіттік. Осы құжаттарды іске асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай Қарулы Күштеріміздің қуаты әскеріміздің жауынгерлік әлеуетінің артуы есебінен бір жарым есе өсуге тиіс. Арнаулы операциялар күшінің мүмкіндіктері үш есе артатын болады", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері киберәскерінің басқару пунктін аралап көріп, ақпараттық жүйелердің киберқорғанысын қамтамасыз етудің қазіргі мүмкіндіктерімен танысты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети