Назарбаев қаржы министріне: Сен тағы да ақшаны оңды-солды таратып жатырсың

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев қаржы министріне: Сен тағы да ақшаны оңды-солды таратып жатырсың © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы бюджеттік қаражаттың игерілмеуіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкіметінің отырысынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы бюджеттік қаражаттың игерілмеуіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкіметінің отырысынан.

Қаржы министрінің айтуынша, 2016 жылдың бюджеті еліміздегі экономикалық жағдайды жетілдіруге, жаңа жұмыс орындарын құруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталды. Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов бюджет қаражатының игерілмеуіне қатысты түсінік бере отырып, былтыр 36 миллиард теңгенің игерілмегенін айтып өтті.

"Игеру деген термин бар. Бір жыл уақыт бойы бюджеттен ақша алынбайды. Бірақ жылдың соңында бұл ақшалар жұмсала бастайды. Содан әр министрлік қаражаттың қайда кеткенін түсіндіріп, дәлелдей бастайды. Яғни, мұның барлығы негізсіз қойылатын талаптар болған", - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бюджетті үлестірген кезді ақшаны толықтай игермейтіндерге берілетін қаражатты қысқарту керек.

"Оларға тек ақша керек. Ал сен болса, тағы да ақшаны оңды-солды таратып жатырсың. Саған мемлекеттің ақшасы - қазына тапсырылды. Сен мемлекеттің ақшасын қорғайтын адамсың", - деді Назарбаев қаржы министріне.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети