Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесін өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев  Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесін өткізді © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кеңеске Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері мен бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Онда арнаулы органдардың қызметін жетілдіру, талдау және болжау жұмыстарының сапасын арттыру мәселелері қаралды.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы сыртқы нарықтардағы үдерістерді мұқияттылықпен мониторингтеу, ахуалдың өзгеруін, ықтимал тәуекелдер мен қатерлерді бағалау, сондай-ақ оқиғалардың дамуын болжау негізінде алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Президенті мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ бес институционалдық реформаның және "Нұрлы жол" бағдарламасының стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі жұмыстары ел ішіндегі және әлемдегі жағдайды жан-жақты талдауға негізделуі тиіс екендігін айтты.

Айта кетейік, 20 тамызда ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.                                              

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети