Назарбаев QazAngels клубын құру туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев QazAngels клубын құру туралы айтты © akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев QazAngels бизнесті жебеушілер клубын құру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев QazAngels бизнесті жебеушілер клубын құру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Стартаптың ең басты бөлігінің бірі қаржылай қолдау, әрине. Сол үшін біз Бизнесті жебеушілер клубын (QazAngels), Венчурлік капиталистер қауымдастығын және Бірлесе инвестициялау қорын құрамыз. Менің ойымша, үкімет те, мына барлық қор да осымен айналысатын (инновациямен - Авт.) талантты жастарды белсенді қолдайтын болады", - деді Президент Astana Hub ашылуында.

Назарбаев қазақстандық компанияларға, әлеуметтік бизнес-нысандарға стартаптарды қолдауға тапсырма берді, олар келісімшарт жасасып, олардың жұмысын коммерцияландыруы тиіс.

"Бұл бастамалардың жүзеге асуына қатысуға барлық бизнесменді шақырамын. Менің ойымша, олардың барлығын арнайы жинап, қолға алу үшін тиісті тапсырма беру керек. Оны премьер-министр бақылайтын болады", - деді Президент.

Ақорда сайтының мәліметінше, бизнесті жебеушілер клубына QazAngels атауы берілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети