Назарбаев Қазақстан мен Ауғанстанды шатастырған президент жайлы: Оған неге өкпелейміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Қазақстан мен Ауғанстанды шатастырған президент жайлы: Оған неге өкпелейміз?

Нұрсұлтан Назарбаев шетелдіктердің Қазақстан тұрғындарына құрметі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев шетелдіктердің Қазақстан тұрғындарына құрметі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құдайға шүкір, тәуелсіздік жағдайында Қазақстанның қайда екенін біліп жатыр, біз шетелге барып, Кеңес Одағы екенін айтқанымызда еліміз әлем картасында жоқ еді. Қазақстан, Пәкістан, Өзбекстан, Тәжікстанды қалай шатастырмайсың? Шын мәнінде АҚШ президенттерінің бірі Қазақстан мен Ауғанстанды шатастырып алса, оған өкпелеудің не қажеті бар? Шын мәнінде солай", - деді Президент Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясында.

Мемлекет басшысы Қазақстанды қазір бүкіл әлем білетінін айтып өтті. 

"Қазақстан жайлы әңгіме болғанда барлығы біздің қазақстандықтарға құрметпен қарайды, солай ма? Бұл керемет қой, солай ма? Себебі біз бейбітшілікте өмір сүреміз. Түрлі діни конфессияларға төбелессіз, өлім-жітімсіз-ақ қалай бейбіт өмір сүру керек екенін көрсетіп жатырмыз, түрлі этникалық топтар бір-бірін құрметтеп, жақсы көріп, шыдап өмір сүреді алады, болашақты бірге жасайды. Бұл керемет. Сондықтан бізді жақсы көреді. (...) Қазақстан сириялық мәселелерді шешетін жалғыз орын болды. Оппозиция мен үкімет осында келіседі. Басқа да қақтығыстарда бізді шақырады. Мұның барлығы біздің ассамблеяның жұмысының нәтижесі", - деді Назарбаев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, күн тәртібінде "Жаңғырудың негiзi - тұрақтылық, бiрлiк, келiсiм". Шараға 1500-ге жуық адам қатысып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети