Назарбаев: Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығына мүдделі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығына мүдделі Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығына мүдделі. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығына мүдделі. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей және Беларусь президенттерімен Ақордада болған кездесуді қорытындылай келе Мемлекет басшысы тараптардың Украинаның оңтүстік-шығысындағы жанжалды реттеу мәселесін айналып өте алмағанын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан бұл мәселеге шынайы көзқараспен қарайды және Украина бұл ахуалдан дипломатиялық жолмен ғана шыға алады. 

"Қабылданатын кез келген шешімнің халықаралық құқықтың іргелі қағидаларына негізделгені маңызды. Біз Украинаның тұрақты, тәуелсіз, аумағы біртұтас мемлекет болып қалуына мүдделіміз. Қазақстан Минск келісімдерін қолдайды және барлық тараптың бұл келісімді орындауы өте маңызды, біз оның қалай болатынын бақылап отырамыз", - деді Назарбаев. 

Украина мәселесі жөнінде Ресей президенті де пікір білдірді. "Нұрсұлтан Әбішұлы (Назарбаев) мен Александр Григорьевичтің (Лукашенко) бұл мәселені реттеуге жәрдемдесуге белсенді қатысуын атап өткім келеді. Минскіде қол жеткен келісімдердің арқасында қарулы қақтығысты кезең-кезеңмен бәсеңдетуге айқын мүмкіндік пайда болды. Киевтегі биліктің Минскіде қол жеткен уағдаластықтарды толық орындайтынына үміт артамыз", - деді Путин. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети