Назарбаев Қазақстан халқын Рождество мерекесімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Қазақстан халқын Рождество мерекесімен құттықтады ©РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев православие христиандары мен күллі қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев православие христиандары мен күллі қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Екі мың жыл бойы Рождество мерекесі діндарлардың жүрегіне қуаныш пен үміт ұялатып, қайырымдылық пен әділдікке, мейірімділік пен кешірімділікке сенудің нышаны болып келеді. Бұл – ізгі ниеттер мен қайырымды істердің, көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлықтың уақыты", - делінген құттықтауда. 

Мемлекет басшысы біздің заманымызда православтар қауымының өздерінің ғибадат ету дәстүрін жалғастырып келе жатқанын атап өтті. Бұл дәстүр адамдардың діни сеніміне, руханият қайнарынан сусындауына көмектесіп, моральдық ұстанымдары мен дәстүрлі отбасылық құндылықтарын нығайтып отыр.

"Православие христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылық пен татулықты сақтауға сүбелі үлес қосып келеді. Қазақстандықтар діни нанымдары мен этностық шығу тектеріне қарамастан қуаныштарын бір-бірімен бөліседі. Осы жарқын мерекеде барша діндарларға денсаулық, рухани күш, игі бастамаларына сәттілік тілеймін! Шаңырақтарыңыздан шаттық, татулық пен молшылық кетпесін!" - дейді Президент. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети