Назарбаев Қазақстанда жасалған костюмдерді Италия мен Франция киімдерімен салыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Қазақстанда жасалған костюмдерді Италия мен Франция киімдерімен салыстырды

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жасалған костюмдерді Италия мен Францияда жасалған киімдермен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жасалған костюмдерді Италия мен Францияда жасалған киімдермен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Қазақстан Президентінің қатысуымен Индустрияландыру күнінің аясында телекөпір өтіп жатыр. "Казлегпром-Алматы" ЖШС аяқ-киім өнімін таныстыру барысында Нұрсұлтан Назарбаев алматылық фабриканың өнімін мақтап өтті.

"Мен отандық жеңіл өнеркәсіпті қолдайтынымды үнемі айтып отырамын. Сіздердің фабрикаларыңызда болып қайттым. Жаңа өнім таныстырылатын болғандықтан, сіздер жасап шығарған костюмді киіп келдім. Аяқ-киімім де сіздердің жасаған өнімдеріңіз. Қазақстандықтардың барлығын отандық өнімдегі киімдерді сатып алуға шақырамын. Әрі қарай өсіп, дами береңіздер. Сіздердің өнімдеріңіз Италия мен Франция жасап жатқан киімдердің сапасынан кем емес", - деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы телекөпір барысында "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы 5 жобаның, индустрияландыру аясындағы 12 жобаның жүзеге асырылуына бастама берді.

Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев 45 000 теңге тұратын отандық костюмді киетінін айтқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети