Назарбаев қазақстандық барлаушыларға жаңа тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев қазақстандық барлаушыларға жаңа тапсырма берді © Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. 

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Сыртқы барлау қызметінің өз дамуының жаңа кезеңіне өткенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев әлемде геосаяси жағдайдың күрделеніп жатқанына және халықаралық терроризм тарапынан төнетін қатердің өсуіне байланысты біздің еліміздің шет елдерде өз мүддесін қорғау бойынша жұмысты нығайту керек екеніне назар аударды. 

Өз кезегінде Байжанов ведомствоның алдына қойған тапсырмалардың орындалуы барысы жайлы баяндады, сонымен қатар, кадрды іріктеу және дайындығы жүйесін жетілдіру бойынша да жұмыстар жайлы айтып берді. 

Кездесу қорытындысында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети