Назарбаев қазақстандық медицинаны дамыту перспективаларын талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев қазақстандық медицинаны дамыту перспективаларын талқылады © akorda.kz

Мемлекет басшысы "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пяны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пяны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанда медицинаны, соның ішінде кардиохирургиялық және кардиологиялық қызметті дамыту перспективалары талқыланды. Қазақстан Президенті кардиохирургиялық ота жасатуға мұқтаж адамдардың саны аз уақыт бұрын ғана 10-15 мың адамға жеткенін айтты.

"Біз бұл адамдарға жәрдем бере алмадық. Мүмкіндігі барлар шетелге шықты. Алайда бәрінің шамасы келмеді, адамдардан айрылып жаттық. Ал бүгінде елордада және Қазақстанның көптеген облыстарында жүрекке ашық оталар жасалады. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы бірінші орынды иеленеді, ол қазірдің өзінде ТМД елдерінде және әлемнің басқа да мемлекеттерінде танымал бола бастады. Орталықта жасалған операциялар сондай-ақ Қазақстанның үлкен имидждік жобасына да айналды, бірақ ең бастысы - көптеген адамдардың өмірін сақтап қалып жатырмыз", - деді Мемлекет басшысы.

Юрий Пя жеке өзінің және бүкіл ұжымның атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа кардиохирургия орталығын құрғаны үшін алғыс айтты. "Сіз оны ашқан кезде мұны сарай деп бағаладыңыз. Шынында да солай, мұнда нағыз ғажайыпты жасауға болады. Бүгінде біздің орталықты Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем біледі. Мысалы, бірер күнде бізге Еуропа елдерінен 30-ға жуық маман келіп, тәжірибемізді көреді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында бүгінгі таңда тек біздің республикада ғана қолданылатын ота әдісін енгізе алдық. Соның нәтижесінде біз еуропалық мамандар келіп танысатындай тәжірибеге ие болдық, – деді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети