Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады © Тұрар Қазанғапов

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгін біз баршамызға ортақ мереке Алғыс айту күнін атап өтіп отырмыз. Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы  Қазақстан халқын біріктіреді. Мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушіліктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді", - деді Президент.

"Өз отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді. Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні - тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып табылады. Бүкіл қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілеймін!", - делінген Назарбаевтың құттықтауында.

Айта кетейік, бүгін, 1 наурызда қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр. 2016 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі кәсіби және басқа да мерекелерге өзгеріс енгізу туралы қаулыға қол қойды. Осылайша елімізде жаңа мереке пайда болды - Алғыс айту күні.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети