Назарбаев қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтырды Рождествомен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтырды Рождествомен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қымбатты отандастар! Православие христиандарын Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жарқын мереке қоғам өміріндегі жоғары адамгершілік бастамаларды нығайтатын өшпес рухани және моральдық құндылықтарды сақтауға ықпал етеді. Рождество - бұл әлемнің жаңаруының, игілік пен әділдіктің, қайырымдылықтың және көмек пен қамқорлыққа зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің нышаны", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті православие қауымының басқа конфессиялардың қатарында еліміздің өміріне белсене атсалысып, халықтың бірлігіне, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогқа баға жетпес үлесін қосып келетінін айтып өтті.

"Мұның барлығы біздің қазақстандық татулық пен жасампаздық, көркею мен даму моделінің негіздерін нығайтуға ықпал етеді. Рождество мерекесінде баршаңызға бақыт, сәттілік пен амандық-саулық тілеймін!", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети