Назарбаев Қазақстанға әсер етуі мүмкін сыртқы факторлар жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Қазақстанға әсер етуі мүмкін сыртқы факторлар жайлы айтты © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Жиын барысында сыртқы факторлардың ұлттық қауіпсіздік ахуалына әсері және қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі мәселелер қаралды.

"Қазақстанға әсер ететін сыртқы факторлардың бар екенін бәріміз білеміз. Солардың ішінде Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетірес, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда шиеленісі, Сириядағы ахуал және басқа да жағдайлар бар. Осыған байланысты бізге мәселелерді талқылап, тиісті шаралар қабылдау қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылау барысында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қарулы Күштердің биылғы оқу жылындағы әскери дайындығының және өткізілген оқу-жаттығулардың негізгі қорытындылары, сондай-ақ әскердің жауынгерлік дайындығын арттыру жөнінде қабылданып жатқан шаралардың нәтижелері туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, жиын барысында қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарын жаңғырту және қорғаныс өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірісін игеру жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Басқосу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети