Назарбаев: Қазақстанға төнетін қауіптерді ескерту қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Қазақстанға төнетін қауіптерді ескерту қажет Нұрсұлтан Назарбаев. ©РИА Новости

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасы мен қауіпсіздігіне қатысты барлық негативті жайттарды ескерту қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасы мен қауіпсіздігіне қатысты барлық негативті жайттарды ескерту қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті депутаттар, Парламенттің жаңа сессиясы күрделі жағдайда басталып отыр - әлемдік экономиканың құбылмалылығы, геосаяси қауіптер, әсіресе Украинадағы ахуалдың салдарынан халықаралық қарым-қатынастардың күрделенуімен байланысты жайттар шиеленісіп жатыр. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60%-ын өндіретін мемлекеттердің бір-біріне санкциялар қолдануы, осының бәрі қалыптасқан экономикалық қатынастарға, әлемдік тәртіпке айтарлықтай өзгерістер мен түзетулер енгізуге ықпал етеді. Ол біздің әріптестеріміздің экономикасының өсуін төмендетеді, ол бізге де әсер етеді", - деп мәлімдеді Парламенттің IV сессиясын ашқан Мемлекет басшысы.

"Экономикаға, халықтың әл-ауқатына, Қазақстанның қауіпсіздігіне төнуі мүмкін қауіптерді алдын ала ескерту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау маңызды. Менің тапсырмам бойынша мұнымен Үкімет айналысып жатыр. Бүгінде ашылған мүмкіндіктерді пайдалану үшін Парламент пен Үкімет өзара үйлесімде жұмыс істеуі қажет. Басты міндеттердің бірі Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылумен байланысты", - деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети