Назарбаев Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталғанын жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталғанын жария етті © Tengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгін Женевада Жұмыс тобының ақтық жиналысы болып өтті, онда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуына байланысты келіссөздердің аяқталғаны жария болды", - делінген хабарламада.

"Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады. Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 проценті Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады", - делінген Мемлекет басшысының үндеуінде.

Еске салайық, Қазақстанның ДСҰ-ға қандай талаптармен кіретіні жайлы келіссөздер 19 жылға жалғасты. Келіссөздердің аяқталғаны 2015 жылдың 11 маусымында белгілі болды. Республика 1996 жылдың 29 қаңтарында өтініш берген болатын.

Жұмыс тобының мүшелері өзінің 10 маусымдағы отырысында ұйым үшін 20 жылдық қызметінде "ең күрделі сын" болған келіссөз жүргізу процесінің аяқталғаны туралы шешім шығарды. Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы туралы жобасы 22 маусымда ресми түрде бекітіліп, ДСҰ-ның 161 мүшесі ресми түрде шешім қабылдауы үшін Бас кеңеске жіберіледі. "Мен ДСҰ мүшелері мен Қазақстан Республикасының үкіметін осы тарихи оқиғамен құттықтаймыз - бүгін Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы келіссөздері аяқталды. Қазақстанның ДСҰ-ға кіргенін тағатсыздана күемін", - деді ұйымның бас директоры Роберту Азеведу.

Баспасөз хабарламасында Қазақстанның ДСҰ құрамына кіруіндегі күрделілігі мен бірегейлігінің республиканың Еуразиялық экономикалық одағына мүшелігімен байланысты тарифтер туралы келісім жасасудың қажет болғаны деп көрсетілген.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети