Назарбаев Қазақстанның оңтүстігі мен батысындағы әскери топтарды күшейтуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Қазақстанның оңтүстігі мен батысындағы әскери топтарды күшейтуді тапсырды ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен шұғыл-стратегиялық кеңес. Сурет Қазақстан Президентінің баспасөз қызметінен алынған

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың оңтүстігі мен батысындағы әскери топтарды күшейтуді тапсырды" деп хабарлайдыTengrinews.kz мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 6 наурыз күні ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен шұғыл-стратегиялық кеңесте Назарбаев маңайдағы елдерде тұрақсыз жағдайдың сақталып отырғанын атап өтті. "Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі әлі анықталған жоқ, жағалаудағы елдердің милитаризациясы болып жатыр. Сондай-ақ коалициялық әскердің Ауғанстаннан шығуына байланысты қауіптер бар. Осыған орай, стратегиялық оңтүстік және батыс бағытта топтастыру жұмыстарын жалғастыруды, сапалық тұрғыдан күшейтуді тапсырамын" деп атап өтті Назарбаев. Сондай-ақ Қазақстан президенті әскердегі жоғарғы үдемелікті, әскери дайындықты ұдайы жүргізіп отыру керектігін айтты. Назарбаевың сөзіне қарағанда, өткізілетін оқу-жаттығулар мейлінше, қазіргі жағдайларға жақындастырылған, нақты тапсырманы атқаруға бағытталуы тиіс. "Сонымен қатар барлық күштік құрылымдардың үйлесімділігін арттыру, халықаралық деңгейде өзіміздің жақтастарымызбен, серіктестерімізбен қарым-қатынасты нығайтуымыз қажет. Әскери дайындық бағдарламалары жаңа мазмұнға толы, заманауи қауіптерге сайма-сай болуы керек", - деді Назарбаев. Одан өзге, Назарбаев, жыл сайын әскерді құралдандыруға заманауи жаңа әскери техника әкелініп жатқанын атап өтті. "Біз әскери техниканы тек Ресейден ғана емес, өзге елдерден де сатып алмамыз. Армияның алдыңғы қатарлы әлемдік класста жасалынған қару-жарақпен қайта қарулануына толық мүмкіндігі бар. Еліміздегі әскери-өндірістік комплекстер тікұшақ, әскери оптика, радиолокациялық, радиоэлектрондық күрес жүйесін, әскери-теңіз флотына кеме жасау, авиациялық және бронетехниканы жөндеуді ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыруда", - деді Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети