Назарбаев: Қоғамның рухани жаңғыруын іске асыру үшін заңнамалық база қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Қоғамның рухани жаңғыруын іске асыру үшін заңнамалық база қажет © akorda.kz

Елбасы Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұртай Әбіқаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұртай Әбіқаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кездесуде саяси және экономикалық реформаларды іске асыру, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту процесінде ел Парламентінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.  

"Біз даму бағдарламаларын қабылдадық. Менің Қазақстан халқына Жолдауымды және экономикалық реформалар мен қоғамның рухани жаңғыруын іске асыру үшін заңнамалық база қажет. Осы жұмысқа белсенді түрде атсалысуға Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз жеткілікті деп сенемін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Н.Әбіқаев Қазақстан Президентіне елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін Парламент депутаттары алдына қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы баяндады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети