Назарбаев Қоянбаевтың "Түнгі студияда" бағдарламасының қонағы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Қоянбаевтың "Түнгі студияда" бағдарламасының қонағы болды © Facebok/Бижан Садыбеков

Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студияда" бағдарламасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студияда" бағдарламасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті "Қазақстан" телеарнасының "Түнгі студияда" бағдарламасының қонағы болды. Бағдарламаның Instagram желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысының және шоу жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың суреттері пайда болды. 

Бағдарламаның көрсетілімі қай күні берілетіні айтылмаған. 

"Түнгі студияда" - кешкі әзіл бағдарламасы, мұнда қонаққа белгілі саясаткерлер, спорт саңлақтары және шоу-бизнес өкілдері келеді. Бағдарламаның жүргізушілері барлық салада сөз қозғап, қонақпен жеңіл түрде тілдеседі. Сонымен қатар, кеш қонақтары көрермендердің бағдарламаға жіберілген сұрақтарына жауап берді. Бағдарлама аптаның төрт күнінде көрсетіледі. Оның жүргізушісі бұрынғы КВН ойындарының майталманы - Нұрлан Қоянбаев. 

Осыған дейін, Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg News ақпарат агенттігіне және "Россия 24" телеарнасына сұхбат берген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети