Назарбаев қорғаныс министрін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев қорғаныс министрін қабылдады © akorda.kz

Қазақстан Президенті қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің қарулы күштерінің қазіргі жағдайы мен министрліктің биылғы жұмыс жоспарын іске асыру барысы жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету шараларының жүзеге асырылуына ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына еңбекақыны көбейту жөнінде шешім қабылдағаны үшін әскери қызметшілердің ризашылығын жеткізді.

Бұдан бөлек, Сәкен Жасұзақов Елбасыға жалдамалы тұрғын-үй мен тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесінің тетіктерін пайдалану арқылы әскери қызметшілердің тұрғын-үй мәселесін шешуге бағытталған шаралар жөнінде мәлімдеді.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына Қазақстан армиясын материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау және 2017 жылы ел жастарын әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети