Назарбаев ҚХА кезектен тыс сессиясын өткізу мерзімін бекітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев ҚХА кезектен тыс сессиясын өткізу мерзімін бекітті © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс сессиясын өткізу мерзімін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс сессиясын өткізу мерзімін бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы 2016 жылғы 21 наурыз күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында шақырылсын", - делінген Мемлекет басшысы қол қойған құжатта.

Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдауға тапсырма берді. 

Айта кетейік, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленген. Мәжіліске жалпы 107 депутат сайланады, оның ішінде 98-і партиялық тізім бойынша, ал қалған тоғызы ҚХА-дан сайланады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети