Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ірі мемлекет басшыларының арасындағы сенімнің жоғалуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ірі мемлекет басшыларының арасындағы сенімнің жоғалуы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір әлемдік кеңістікте келешектің гүлденуіне аса үлкен қауіп төндіретін қарсылықтар қалыптасып, дамып келеді. Екіншіден, әлемдік тәртіптің фрагменттелуі. Біз бұрынғы ұсталымның төмендеп, қарама-қайшылықтардың пайда болып, ірі мемлекет көшбасшылары арасында сенімнің жойылғанын, халықаралық құқықтың тотығуын байқап отырмыз. Біз әрдайым сенім артқан халықаралық институттар бейбітшілік пен тұрақтылыққа кепілдік бере алмайды", - деді Қазақстан Президенті форумға қатысушыларға.
Мемлекет басшысы климаттың өзгеруі мен індет мәселесіне де баса назар аударды. "Климаттың өзгеруі күткенімізден әлдеқайда жылдам болып жатыр. Оның салдары табиғи апаттардың күштілігіне әсер етеді. Непалда болған үрейлі апат. Әлемдік ұйым бұл елге лайықты түрде жауап беріп, көмектесе алмады", - деді Назарбаев, бүгінгі таңда әлем бойынша азық-түлік тапшылығының артқанын атап өтіп.
"Ол үш параллель үдерістің қысымына түсті: халық санының, кірістің және қалаға көшетіндердің артуы, жақын 30 жылда азық-түлік өндірісін екі еселеуге және оны Жердің қоры таусылғанда жасауға тура келеді. Қазақстан мемлекет ретінде бұл сұрақтарға жан-жақты жауап беруге тырысады", - деді Мемлекет басшысы, Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылық үшін бүкіл әлем бойынша бірінші болып ядролық қарудан бас тартып, сынақ полигонын жапқанын атап өтіп. "Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) белсенді қатысушысы ретінде өзіміздің әріптес-елдерімізбен арақатынасымызды дәйекті түрде нығайтамыз", - деп сөзін қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, Астана экономикалық форумының ең негізгі тақырыбы - "Инфрақұрылым - экономика дамуының драйвері". Астанада бас қосқандар әлемдік экономиканың дамуы, экономикалық өсімді нығайту және осы саладағы басты мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылады. Жыл сайын АЭФ алаңына 80-нен аса мемлекеттен мыңнан аса делегат келеді, олардың арасында мемлекеттердің бірінші тұлғалары, танымал саясаткерлері, Нобель сыйлығының лауреаттары, атақты ғалымдар, журналистер мен бизнес элитасының өкілдері бар. Биылғы форумға шамамен 3 мың адам қатысты.
Форум аясында ең негізгі шаралар бекітілді: Кеңейтілген отырыс, Инвестициялық форум, Азия мен Еуропа көшбасшыларының форумы, Еуразиялық экономикалық конгресс, Ұлы Жібек жолын жаңғырту және Урбанизациялық форум.