05 маусым 2022 10:43

Назарбаев референдумда дауыс берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:twitter.com/Aidos_Ukibay

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс берді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұрсұлтан Назарбаев жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша дауыс берді", - деп жазды баспасөз хатшысы Twitter-де.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та референдумда дауыс берген болатын.

Айта кетейік, референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram