05 маусым 2022 09:36

Президент Тоқаев референдумда дауыс берді

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайы ғимаратындағы учаскеде дауыс берді.

Сонымен қатар, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен пемьер-министр Әлихан Смайылов референдумда дауыс берген болатын. Ол ұлттық кітапхана ғимаратындағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қазақстандағы референдум: қазірге дейін не белгілі?

Айта кетейік, референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети