05 маусым 2022 08:34

Қазақстандағы референдум: қазірге дейін не белгілі?

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның 12 аймағында Конституциядағы түзетулерге дауыс беру өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның 12 аймағында Конституциядағы түзетулерге дауыс беру өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орталық референдум комиссиясы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың референдум комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақыты бойынша таңғы сағат 7-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8089 референдум учаскесінде дауыс беру басталды. Сондай-ақ, 10 шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктерінің жанындағы 12 учаскеде дауыс беру басталды", - деді Петров.

36 учаскеде, аумақтық комиссиялар қабылдаған шешімдеріне сәйкес, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6-да басталды.

Сағат белдеулерінің шекарасына сәйкес бес өңірдегі - Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарындағы және БҚО-дағы референдумның 1870 учаскесінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07.00-де, яғни астана уақытымен сағат 8-де басталады.

Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде 11 722 536 азамат бар.

Референдумда ең бірінші болып дауыс берген кім?

Премьер-министр Әлихан Смайылов референдумда дауыс берді. Ол ұлттық кітапхана ғимаратындағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Айта кетейік, референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети