Назарбаев Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетіреске алаңдаушылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетіреске алаңдаушылық білдірді © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ядролық мемлекет - Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетіреске қатысты алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ядролық мемлекет - Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетіреске қатысты алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз бүгінде АҚШ пен Ресейдің санкцияны қатаңдату мәселесіне алаңдап отырмыз. Бұл екі жетекші ядролық мемлекеттер арасындағы шиеленісті арттырып отыр. Сондықтан бұл алаңдаушылық туғызбай қоймайды", - деді Қазақстан Президенті төмен байытылған уран банкінің ашылу салтанатында.

Еске сала кетейік, осыған дейін АҚШ президенті Ресейге қарсы ең қатаң санкциялар туралы заңға қол қойған болатын. "Біз санкциялардың жойылуын қалаймыз. Бірақ бұл Ресейдің өз мойнына алған міндеттерін орындағанда ғана мүмкін. Алайда Ресейдің соңғы дипломатиялық қадамдары кері шығып отыр", - деген еді АҚШ вице-президенті Майкл Пенс.

АҚШ-тың конгресс өкілдерінің палатасы қабылдаған заң жобасы ресейге қатысты "салқын соғыстан" бергі ең қатаң шара болып отыр.

Құжат бойынша, америкалық компаниялар мен жеке тұлғалар санкцияға кіретін ресейлік банктермен келісімшарт жасаса алмайды. Сонымен қатар, санкциялар энергетикалық секторды да қамтып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети