Назарбаев Ресей мен Түркия арасындағы қақтығыстан шығудың жолын ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Ресей мен Түркия арасындағы қақтығыстан шығудың жолын ұсынды

Назарбаев Ресей мен Түркия арасындағы шиеленіске қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл тақырыпты Мемлекет басшысы бүгін республикалық телеарналарға берген сұхбаты барысында талқылады.

"Бізді әрине, өте алаңдатады. Ресей біздің ең жақын көршіміз әрі одақтасымыз. Біз қазір бір Еуразиялық экономикалық одақтамыз. Рубльдің құлдырауы бізге қалай әсер еткенін көрдіңіздер, айта кетейік, егер ол болмағанда біздің экономиканың ахуалы әлдеқайда жақсы болар еді. Міне жыл осындай болды. Оның үстіне Түркиямен келеңсіздік қосылды... Түркиямен болсын, Ресеймен болсын Қазақстанның ара қатынасы жақсы. Мен ең басынан-ақ осы позицияларды біріктіруге тырыстым. Менің ойымша, бұл ешкімге де пайда әкелмейді: Ресейге де, Түркияға да. Егер парасатты ойға салатын болсақ, бұл тығырықтан шығу керек. Ең жақсы жолы - келіссөздер, ол бәтуластық. Менің ойымша, бұл екі елдің де мүддесінде. Қазақстанның да", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған дейін, 30 қарашада Қазақстан Президенті Халыққа жолдауы барысында Түркия мен Ресей арасындағы байланысқа қатысты тақырыпты қозғады. Ол кезде Мемлекет басшысы осы екі елдің позициясын біріктіру үшін көп жыл жұмыс істегенін мәлімдеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети