Назарбаев Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысын қабылдады

Николай Патрушев. ©rg.ru

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен келешегі, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай да талқыланды.

"Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың жекелеген мәселелерін қозғады, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуалға байланысты жаңа сын-қатерлерді талқылады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Николай Патрушев елімізге Қазақстан мен Ресейдің Қауіпсіздік кеңестері аппараттарының арасындағы жоспарлы консультацияларға қатысу үшін келді.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама