Назарбаев Ресейден автокөлік сатып алудың кемшіліктері жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Ресейден автокөлік сатып алудың кемшіліктері жайлы айтып берді ©Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейден автокөлік сатып алған қазақстандықтардың өзіне кері әсерін тигізуі мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейден автокөлік сатып алған қазақстандықтардың өзіне кері әсерін тигізуі мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халық үшін бұл жаман емес, қазақстандықтар бірнеше мың арзан автомобиль сатып алды, олар байып қалды. Бірақ қазақстандықтар басқаны түсінбейді: иә, олар сатып алды, бұл жақсы. Бірақ олар біздің автокөлік, азық-түлік кәсіпорындарына зиянын тигізеді, ал сол кәсіпорындарда қазақстандықтар жұмыс істеп жатыр ғой. Ол жақтан айлық алып жатыр. Егер бұл зауыттар жабылып қалса, қазақстандықтардың айлығы болмайды. Тіпті арзан азық-түлікті сатып ала алмай қалады. Екінші жағы осында", - деді Назарбаев Тәуелсіздік Сарайында өтіп жатқан Жастар форумында. 

Мемлекет басшысы Қазақстанға ішкі бәсекелестік жағдайында әлемдік нарыққа шығу үшін шыңдалуы қажет екенін айтты. 

"Еуразиялық экономикалық одақ жайлы түрлі пайымдар мен түсіндірулерді тыңдап жатырмыз. Біз ел үшін прагматикалық мақсаттарды орындап жатырмыз, жаһандық теңіз жолдарына өзімізді шығыны ең аз жолмен қамтамасыз етіп жатырмыз. (...) Дағдарыс жағдайында - құн айырмашылығы, таяуда арзан автокөліктер, өнімдер шықты. Бұл осылай болады, бұл қалыпты жағдай. Бірақ негізгісі - басты жол, осы ішкі бәсекелестікте шыңдалуымыз керек. Егер біз мұнда жеңбесек, онда әлемдік нарықты Әлемдік сауда ұйымының мүшесі бола отырып қалай жеңеміз? Бұл одақ бізге баға белгілеудің ұсталатын шығынын азайтуға мүмкіндік береді, кедендік жалпы ережелердің қорғауында жаңа тауарлардың шығу мәселесін жақсартуға мүмкіндік береді", - деді Назарбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети