Назарбаев: Ресейге қатысты санкцияларды бақылауда ұстайтын боламыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Ресейге қатысты санкцияларды бақылауда ұстайтын боламыз Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен кездесуде. СТВ телеарнасының кадры

Ресейге қатысты санкциялар Қазақстанға тікелей әсер етпейді, бірақ еліміз бұл ахуалды назарда ұстайтын болады , - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен болған дәстүрлі кездесуде, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі СТВ телеарнасындағы трансляцияға сілтеме жасап хабарлайды. Мемлекет басшысымен арадағы сұхбатты еліміздің жетекші телеарналары тікелей көрсетіп жатыр.

"Санкциялар Қазақстанға тікелей әсер етпейді, дегенмен мұның жақсы жері жоқ, өйткені Ресей - біздің негізгі серіктесіміз. Біздің адамдар Ресейден арзан тауар сатып алып жатыр, бір жағынан адамдарға жақсы сияқты, олар машинаны біздегіден 10-15 мыңға арзанға алып жатыр, тұрғын үйді де сатып алып отыр. Ресей үшін де арзан тауарлардың болуы бір жағынан жақсы, екінші жағынан бәрінің арзан бағамен сатылуы, рубльдің ауытқуы жаман", - деді Назарбаев "Ресейге қарсы санкциялар ЕАЭО елдеріне әсер ете ме?" деген сауалға. 

"Енді Кеден одағы, Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында біз нені әкелу керек, нені әкелмеген дұрыс, соған қарауға мәжбүрміз. Өйткені бұл жайт біздің кәсіпорындарды отырғызуы мүмкін, себебі Қазақстанның өз кәсіпорындары, өз тауары бар. Егер бұл өнімдердің бәрін өзімізде өндіретін болсақ, бізге ешнәрсені импорттау қажет болмайды. Сондықтан бұл орайда біз жағдайға қарауымыз керек. Бәрі өз кезегімен болып жатыр. Еуропалық одақпен, басқа елдермен сауда-саттық жасаймыз, бізге Шығыстан да, Батыстан да инвестиция келіп жатыр, осы бағытта жұмыс істейтін боламыз, қадағалайтын боламыз", - деді Мемлекет басшысы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети