Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украинаның ел алдындағы саяси дауына қатысты өкініш білдіріп, тараптарды келіссөзге келуге шақырды. Елбасы бұл туралы елімізде тіркелген дипломатиялық миссия басшыларымен кездесу кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Украинаның ел алдындағы саяси дауына қатысты өкініш білдіріп, тараптарды келіссөзге келуге шақырды. Елбасы бұл туралы елімізде тіркелген дипломатиялық миссия басшыларымен кездесу кезінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Назарбаевтың сөзінше, халықаралық лаңкестік әлемді жайлап барады, жаппай қырып-жою қаруының таралу қаупі артып отыр. Мұндай уақытта ел басшыларының саяси еркінің бірлігі болу керек.
"Ядролық қаруы бар державалар арасында болуы мүмкін қақтығыстың үлкен қаупі бар. Жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Батыс пен Ресейдің конструктив диалогы күрделі мәселе болып отыр. Екі жақты санкциялар Еуропа мен Ресейге ғана кері әсер етіп отырған жоқ, басқа да аймақтарды қамтып отыр. Бұл әлемдік экономиканы қалыпқа келтіруге септігін тигізіп жатқан жоқ.
Украинаның оңтүстік-шығысындағы оқиғалар әрқашан бірге болып келген елдердің арасында өткір қайшылық туғызды. Мұндай жағдай бұл елдердің достас болып келетін мемлекеттердің өкінішін туғызды, әсіресе менің. Біз тараптарды бұл мәселелерді шешетіндей салмақты келіссөздер бастауға шақырамыз. Басқа баламасы жоқ. Кез келген қақтығыс, тіпті бейбіт соғыста келіссөз үстелінде шешіледі. Мен осыған шақырып отырмын", - дейді Назарбаев.
Оның айтуынша, Қазақстан келіссөз процесіне барынша демесуге әзір.
"Біз осыны жасап отырмыз да. Жеке мен 20 елдің кездесуінде АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуінен үлкен үміт артып отырмын. Ортақ мәмілеге келетін тұстар табылуы керек. Бұл бейбітшілік үшін, лаңкестік сияқты ортақ жаумен күресу үшін қажет", - дейді Назарбаев.
Еске салайық, 2 шілдеде Қазақстан дипломатиялық қызметкер күнін атап өтті. Бұл қызметтің басында Сыртқы істер министрлігі тұр. Сонымен қатар, елдердің сыртық қатынасына елшілік пен консулдықтар, СІМ-нің халықаралық ұйымдардағы өкілдері және дипломатиялық қызметкерлерді даярлайтын жоғарғы оқу орындары да осы салаға кіреді.