Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Түркиядағы елшісінің өліміне көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Түркиядағы елшісінің өліміне көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жеделхатта Мемлекет басшысының Ресей Федерациясының Түркия Республикасындағы қайғылы қазасы жайлы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағаны айтылады.
Сонымен қатар, Карловтың дарынды дипломат екені, кәсіби қызметінің көптің құрметіне ие болғаны және Ресей мен Түркияның қарым-қатынасын нығайтуға бағытталғаны айтылады.
"Терроризм актісі бүкіл әлемнің осы зұлымдыққа қарсы бірігуін қажет ететінін растап отыр. Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды", - делінген телеграммада.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және өзінің атынан Карловтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Еске салайық, Ресейдің Түркиядағы елшісіне тікелей эфирде қастандық жасалған болатын. Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл оқиғаны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан. Кейін ҚР СІМ Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық туралы пікір білдірді.