Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев Ресейге сапары барысында ТМД мен ЕАЭО саммитіне және Жеңіс күнін тойлауға қатысады

08 Мамыр 2015, 10:11
4
Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов
Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарабаев жұма, 8 мамырда басталатын Ресейге ресми іссапары барысында РФ басшысы Владимир Путинмен кездеседі, ТМД мен ЕАЭО саммиті мен Жеңіс күніне арналған шараларға қатысады, - деп хабарлайды РИА Новости Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасап.

"8 мамырға белгіленген келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастыққа қатысты сұрақтар мен күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерді жоғары дәрежеде талқылау жоспарланып отыр. Еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастықты дамыту жөнінде пікір алмасу болады деп күтілуде, сонымен қатар аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы үйлестік қаралады", - деп хабарлады ол.

Ушаковтың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми іссапары барысында энергетика мәселелеріне баса назар аударылады. "Бұл саладағы қоғамдастық ауқымды сипатқа ие. Қазақстандық мұнайдың негізгі көлемі Ресей аумағы арқылы сыртқы нарыққа тасымалданады. Қазақстанда "ҚазРосГаз" бірлескен кәсіпорны шеңберінде "Газпром" жұмыс істейді. Ресей мен Қазақстан солтүстік Каспийдің көмірсутек қорын игеру бойынша бірлескен жобаларды іске асырады", - деп хабарлады РФ президентінің көмекшісі.

Сонымен қатар, Ресей-Қазақстан келіссөздерінің дәстүрлі, маңызды тақырыбы - ғарыш саласындағы әріптестігі. "Ресей мен Қазақстан "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы өзара әрекеттестігі арқасында әлемдік ғарыш саласында көшбасшылық позицияға ие. Әскери-техникалық байланыстар да нығайып келеді", - деді ол. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Песковтың мәліметінше, Путиннің Назарбаевпен бұл кездесуі Қазақстан Президентінің қайта сайлануынан бергі бірінші кездесуі болмақ. "Путиннің Назарбаевпен бұл қатынасуы Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы рет Қазақстан Президенті болып қайта сайланып, сайлауда тамаша жеңіске жеткен сәтінен бергі біріншісі болмақ", - деді Песков.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай