Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен қарым-қатынас жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәскеуден.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен қарым-қатынас жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәскеуден.
Қазақстан Президенті Мәскеуде І дәрежелі Сергий Радонежский орденімен марапаттау рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев Ресеймен қарым-қатынас әрқашан серіктестік тұрғысында дамығанын атап өтті.
"(...) Біздің қарым-қатынасымыз дін тұрғысында ғана емес, сонымен қатар Ресей мен Қазақстан қатынасы ықылым замандардан бері барлық бағытта да әріптестік, тату көршілік, достық тұрғысында дамыды. Тәуелсіздігіміздің жылдарында біз осы ұстанымда болдық. Біз Еуразиялық экономикалық одақты болашақты көру үшін құрдық. Ал болашақтың кілті интеграцияда. (...) Меніңше, біздің достығымыз - Қазақстан мен Ресейдің, орыстар мен қазақтардың - мәңгілік. Ол орыс халқының да, қазақ халқының да игілігі", - деді ол.
Орден Қазақстан мен Орыс православие шіркеуінің арасындағы қарым-қатынастың дамуына және Назарбаевтың 75 жылдығына байланысты тапсырылды. "Бұл мерейтойды сіз рухани және дене күшіңізьен қарсы алып отырсыз. Сіз әлемде мойындалған аса көрнекті мемлекет қайраткерісіз", - деді Бүкіл Ресей Патриархы Кирилл.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей астанасына ҰҚШҰ ұжымдық Кеңесінің сессиясына және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесіне қатысу үшін барды. Бұл шаралар 21 желтоқсанда Мәскеуде өтеді. Сонымен қатар, саммитер алағында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізеді. Осыған дейін екіжақты кездесу барысында Сирия мен Украинадағы жағдайды және Мәскеу мен Астананың сауда-экономикалық қарым-қатынасын талқыланатыны жайлы хабарланған еді.