Назарбаев ресми сапармен Иранға барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев ресми сапармен Иранға барды © Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Иранға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Иранға барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Елбасы Тегеран қаласына келді. Сапар аясында Президент Хасан Руханимен, рухани көшбасшы Али Хаменеймен, сондай-ақ Иран холдингтері мен компанияларының өкілдерімен кездесу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының 11-15 сәуір аралығында Иран, Түркия және Өзбекстанға баратыны хабарланған еді. 13-14 сәуірде Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитіне қатысу үшін Түркия Республикасына барады. 15 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасына барып, Президент Ислам Кәрімовпен кездеседі. Келіссөздер аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылайды деп жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети