05 қараша 2016 12:25

Назарбаев ресми сапармен Жапонияға барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6-9 қарашада ресми сапармен Жапонияда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6-9 қарашада ресми сапармен Жапонияда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Токиода Жапонияның императоры Акихитомен, премьер-министр С.Абэмен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өтеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және "Токай" университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалдық саябағында болып, "Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы" арнаулы атағын салтанатты түрде тапсыру рәсіміне қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети